ИВАНИЯ Дмитрий Макарович (1926, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Аққайың ауд. Қиялы а.) — ген.-майор. 1950—54 ж. КСРО ІІМ Әскери ин-тында тыңдаушы болған. Тракторшы болып еңбек еткен. 1944 ж. Қызыл Армия қатарына шақырылған. Әскери қызметін Мәскеу әскери уч-щелерінде курсант болып өтеген, кейіннен шекара заставасы бастығының орынбасары, бастығы. Түркістан және Батыс окрутгерінің шекара әскері басқармасының штаб офицері, 16 және 55-шекара отрядтарының штаб бастығы. Қиыр Шығыс шекара округінің штаб бастығының орынбасары, штаб бастығы — әскери штаб бастығы болған. 1987 ж. запасқа шығарылды. 1999 жылға дейін Киев қ-нда тұрған. Ордендермен және медалдермен марапатталған.
И.Зубарев