Итемірұлы Күзембай мырза

ИТЕМІРҰЛЫ Күзембай мырза (1826. Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Айымжан а. маңындағы қоныс — 1919. сонда) — атақты меценат, ғылым мен өнердің жанашыры, жомарт қамқоршысы. Қожаберген жыраудың, кейін Шақшақ батыр Көшекұлының медресесінде оқыған. Мал ш-мен, саудамен және егіншілікпен айналысқан. И. 1869—72 ж. болыс болып сайланып, керей тайпасының көшебе руына басшылық еткен. 1875 ж. Петропавл уезінің төбе биі болды. Өз ауылында қолөнер шеберханасын ұйымдастырған, Петропаал және Омбы қ-ларында сауда магазиндерін және қонақ үйлер ашқан. Жыл сайын Ірбіт, Челябинск, Бухара, Самарқан, қ-ндағы жәрмеңкеге сауда керуенін жіберіп отырған. И. жылына төрт рет кедейлерді, жетім-жесірлерді, кәрі адамдарды жинап, оларға ақшалай көмек көрсеткен хатық арасында атағы шығып, үлкен беделге ие болған.

К. Биғожин