Имақов Сәли Имақұлы

ИМАҚОВ Сәли Имақұлы (19.9.1917. Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Майбалық а. — 6.9.2000. Солт. Қазақстан обл. Аққайын ауд. Смирнов кенті) — қоғам қайраткері. Соғыс және еңбек ардагері. 1950—55 ж. Булаев ауд. партия к-тінің 2-хатшысы, 1955—75 ж. Солт. Қазақстан обл. Совет ауд. атқару к-тінің төрағасы, 1976 — Солт. Қазақстан обл. атқару к-тінің бөлім меңгерушісі, 1976 жылдың қарашасынан Солт. Қазақстан обл. Совет ауд. Дайындау мин-нің ауыл ш. өнімдерінің сапасы және сатып алу мемл. инспекторы болды. Ленин, 1-, 2-дәрежелі Отан соғысы. 2 Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет Белгісі”, Халықтар достығы ордендерімен марапатталған.