ХРЕНОВ Валерий Иванович (28.9.1940, Петропавл қ. – 9.1996) – балетмейстр. Ол киров атынд. з-ттың жанынан құрылған “Арай” халық би ансамблінің балетмейстері және көркемдік жетекшісі болған. X. Солт. Есіл жағалауындағы елді мекендерде өз күшімен би өнерін дамытуға елеулі үлес қосқан. Киров атынд. з-тта аз уақыт ішінде (1958-61) қызығушылық танытқан адамдарды би өнеріне баулып, ұжым құрған. Ансамбль «халықтық» деген атаққа ие болған (1963). X. басқарған ұжым халықар. би фестивалдеріне, конктрстарға, Олимпиада-80-нің мәдени бағдарламасына (Мәскеу), Мәскеуде өткен 12-дүние жүз. жастар мен студенттер фестиваліне, таяу және алыс шетелдердегі өнер декадаларына қатысқан. “Қос алқа”, “Алтын бау”, “Күйеу жігіттер”, “Кнопочки баянные”, “Мұхит жайлы арман”, “Петропавловская кадриль”, “Қарға” (өзбек биі), “Белорусь биі” билері және “Хиросима”, “Казачий перепляс”. т.б. би композициялары ерекше орын алған. Балетмейстердің өзіндік таланты романтикалық “Орамал”, “Гүлден өрілген шеңбер”, т.б. қойылымдарда көбірек көрініс тапқан.