ХИМЕНКО Анлрей Максимович (7.12.1915, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Аққайың ауд. Елизавет с. – 6.10.1944. ПХР. Эдуардов с.) – Кеңес Одағының Батыры (1945. қайтыс болғаннан кейін). 1927 ж. ата-анасымен бірге Фрунзе қ-на көшіп келген. Пошта қызметкері, “Союзпечать” кеңсесінде бухгалтер болып жұмыс істеген. 1941 жылдың қазан айында Кеңес Армиясы қатарына алынып, соғыс майданына 1942 жылдың ақпан айында кірген. 1-Белорусь майданының 8-гвардиялық армпясының 117-гвардиялық атқыштар полкінің мергені болған. Ордендермен және медалдермен марапатталған. Есімі мәңгілікке әскери бөлімнің тізіміне енгізілген. Петропавл қ-нда X. есімімен аталатын көше бар.