ХАМЗАБАЕВ Жанғали Хамзабайұлы (10.10.1937, Солт. Қазақстан обл. Айыртау ауд. Қоскөл а.) – рентгенолог-ғалым, мед. ғыл. докт. (1981), проф. (1988). Алматы мед. ин-тын (1963). КСРО МҒА Хирургия ин-тының аспирантурасын (1968) бітірген. 1968 жылдан Клиникалық және эксперименталдық хирургия ғыл.-зерт. ин-тында аға ғыл. қызметкер, рентген диагностикасы бөлімінің меңгерушісі, директорының орынбасары (1985-88) қызметтерін атқарған. Негізгі ғыл. еңбектері мед. рентгенология мәселелеріне арналған. X. жүрек. Буын, өкпе және құрсақ қуысы ауруларының дифференциалдық диагностикасы мәселелерін зерттеген. Екі өнертабыстың және медицина тақырыбына арналған көптеген мақаланың авторы. Алматы қ. тұрады.
К.Әбуов