Гуденко Сергей Гаврилович

ГУДЕНКО Сергей Гаврилович (1915, СҚО Мамлют ауд. Калдоман с. — 6.9.1941, Ресей. Волынь) — Кеңес Одағы Батыры атағын (1938) бірінші алған қазақстандық жауынгер. 1936 ж. Қызыл Армия қатарына алынған. Кнев жаяу әскер уч-щесін бітірген (1940). Соғыстың алғашқы күндерінен бастап пулемет взводының, кейіннен атқыштар ротасының командирі болған. 1941 ж. қыркүйекте қаза тапқан. Ленин. Қызыл Ту ордендерімен және медалдермен марапатталған. Петропавл қ-ндағы бір көше және Мамлют ауд. Дубровный с-ндағы мектеп Г. есімімен аталады.