ГРЯЗИН Владимир Иванович (2.7.1905. Петропавл қ. — 1991. Алматы қ.) — ғалым. ветеринария ғыл. докт. (1962). проф. (1963). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Сібір (қазіргі Омбы) ветеринарлық ин-тын бітірген (1928). 1938 жылдан Қазақ ветеринария ғыл.-зерт. ин-тының ауыл ш. малдарында кездесетін жұқпалы аурулар лаб-ның меңгерушісі болды. Г. ірі қаратардың өкпе ауруларына, туберкулезге, паратуберкулезге және басқа да жұқпалы ауруларына арнайы профилактика және диагностика жасау мәселерімен айналысты. 2-дәрежелі Отан соғысы, “Қызыл Жұлдыз”, “Құрмет Белгісі” ордендерімен және медалдермен марапатталған. Шығ.: Туберкулез сельскохо-зяйственных животных и борьба с ним. А.-А., 1965 (соавт.); Ассоциированная вакцинация сельскохозяйственных животных. А.-А., 1972 (соавт.).
С.Првсняков