ГОЛОПЯТОВ Семен Федорович (15.2.1918, қазіргі Ғ.Мүсірепов ауд. Раисов с. — 8.12.1987, сол ауд. Рузаевс.) – 3 дәрежелі “Даңқ” орденінің толық иегері. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Тракторшы, механизатор болып жұмыс істеді. 1936—38 ж. Қызыл Армия қатарына алынып, 1941 жылдан Ленннград майданының 310-атқыштар дивизиясының 860-артилл. полкінде зеңбірек көздеушісі болды.
И. Зубарев