ЕСЕМБЕКОВ Темірғали Оразғалиұлы (20.10.1953. Солт. Қазақстан обл. қазіргі М.Жұмабаев ауд. Сұлушоқ а.) — ғалым, филол. ғыл. докт. (1998). проф. (2000). Қарағанды мемл. ун-тінде аға оқытушы, филол. ф-тінің деканы болды. 1991-99 ж. Қожа Ахмет Иасауи атынд. Халықар. Қазақ-Түрік ун-тінде қазақ әдебиеті кафедрасының, 1999-200 ж. Солт. Қазақстан ун-тінің қазақ филологаясы кафедрасының меңгерушісі, 2000 жылдан әл-Фараби атынад. Қазақ ұлттық ун-тінің әдеби шығарм. және көркем аударма теориясы кафедрасының профессоры. Ғыл. ізденістерінің негізгі бағыты — әдебиет теориясы және әдеби ізденістердің методологиясы мәселелеріне арналған. 10-нан аса халықар. конференцияларға қатысқан. 100-ге тарта ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 монографияның, 3 әдістемелік оқулықтың авторы. Шығ.: Драматизм прозы. Алматы, 1997: Литературный анализ. Алматы. 1999; Казахская литература, Алматы. 2001.
С.Дүйсенов