«Ерлігі елге өнеге»

2021 жылдың 12 мамыры күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Ысқақ Ыбыраевтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Ерлігі елге өнеге» атты портрет кеші өтті.
Шараға М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің және М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің студенттері, еңбек ардагерлері, кітапхана оқырмандары, Ысқақ Ыбыраевтың туған-туысқандары және жерлестері қатысты.
Шараға қатысып, сөз сөйлеген Ысқақ Ыбыраевтың туысы, інісінің қызы Ибраева Әлия Исмағұлқызы Ысқақ Ыбыраевтың өмірі, қызметі, Ұлы Отан соғысындағы ерлік істері, адамгершілік қасиеттері туралы жан-жақты баяндады.

Ысқақ Ыбыраевтың немересі Ибраев Саян Серікұлы атасының Ұлы Отан Соғысының Батыры екенін мақтаныш тұтатын айта келіп, іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды,-деп, туысқандары атынан алғысын жеткізді. Ысқақ Ыбыраевтың жерлестері Серікбай Елемесов пен Құрманқұлов Зарап ағай естеліктерімен бөлісті. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәжин Жангелді Уақпанұлы жастарға Ысқақ Ыбыраевтан үлгі алыңдар, туған еліңнің патриоты болыңдар деп ақыл айтты. Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік архивінің қызметкері Рамазанова Назерке Әсетқызы «Ысқақ Ыбыраев өмірі архив құжаттарында» тақырыбында баяндама жасады. Шара барысында Ысқақ Ыбыраев туралы слайд көрсетілді. Шараға қатысушылар «Ұмытылмас бейне» атты кітап көрмесін тамашалады.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#ЕрлігіЕлгеӨнеге