Ерғалиев Жабал

ЕРҒАЛИЕВ Жабал (30.10.1952, Солт. Қазақстан обл. Тайынша ауд. Қарағаш а.) — жазушы, журнатист. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1995). әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика ф-тін бітірген (1975). “Көкшетау” газетінің бас редакторы болып қызмет атқарды. Е. Қарасай батырды мәңгі есте қалдыру үшін қор ұйымдастырып, онын басшысы болды. 3 прозалық кітаптың авторы. ҚР Жазушылар одағы сыйлығының (1993), Жамбыл атынд. сыйлығының (1997) лауреаты. Шығ.: Сөне көрме жұлдыздар. Әңгімелер жинағы. Алматы, 1994.

К.Әбуов