ЕЛЕУСІЗОВ Ғаббас (1878, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Шал ақын ауд. Есей а. — 1980, Алматы қ.) — фольклортанушы, қазақ ауыз әдебиетін жинақтаушы. Ол ұзақ өмір сүрген. Медреседе оқып. мұсылман дінін уағыздаған. Сейдахмет-хазіреттен тәлім алып, мұсылмандық сауатын ашқан. Жақсы есте сақтау қабілетінің арқасында араб тілінен басқа өз еркімен парсы және түрік тілін үйренген. Е. осы тілдердегі кітаптарды жинап, олардың кейбіреуін қазақ тіліне аударған. Қазіргі уақытта белгілі ғалым М.Елеусізовтің қолында кейбір сирек кездесетін араб, парсы және түрік тілдеріндегі кітаптар аудармасының көлемі мың бет болатын қолжазбасы сақталған. Е. сонымен қатар қазақтын мақал-мәтелдерін. 18-ғ-дағы атақты Шал ақынның өлеңдерін жинап, тағы да бірқатар қолжазбалармен бірге Қазақ КСР ҒА-ның тіт және әдебиет ин-тына тапсырған. Соның нәтижесінде Шал ақынның 15 өлеңі қазақтың белгілі жазушысы М.Мағауиннің редакциялауымен жарық көрді. Е. 100 жасқа толғанда. дәрігергеронтолог Л.П. Леонтьев ұзақ өмір сүруші ретінде ол туралы еңбек жазып, ол “Адам қанша өмір сүруі керек?” (“Сколько жить человеку?” Алма-Ата, 1983) атты кітапта жарияланды. Сонымен қатар Е. туралы мақала белгілі ғалым В.Мезенцевтін “Чудеса” (Алма-Ата, 1990) танымдық энциклопедиясынла жарияланған.