ЕЛЕМЕСОВ Ғалымжан Бажимұлы (10.3.1929. Солт. Қазақстан обл. Айыртау ауд. Қарасай батыр а.) — құқық қорғау жүйесін ұйымластырушы. заң ғыл. канд. Алматы мемл. заң ин-тын бітірген (1951). 1953-72 ж. Республиканың прокуратура органдарында жауапты қызметтерде болған. 1972—84 ж. партиялық қызметте. КСРО Жоғ. сотының мүшесі, ҚР Жоғ. сотының төрағасы, 1984-90 ж. Қазақ КСР прокуроры қызметін атқарды. Сот жүйесі мен прокуратура органдарының жұмыстарын жетілдіруге үлес қосқан, ғылыми жұмыстармен айналысқан. Марапаттары бар.