«Ел басқарған Айғаным ханым»

2023 жылдың 12 қаңтары күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде Ұлы Дала қыздарының бірі, Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным Сарғалдаққызының туғанына 230 жыл толуына арналған «Ел басқарған Айғаным ханым» атты тарихи панорама өтті.
Тікелей эфирде ХVІІІ ғасырда Орта Жүзде өмір сүрген Уәли Сұлтанның әйелі, Шоқанның әжесі, Абылай ханның келіні Айғаным Сарғалдаққызының өмірі, отбасылық жағдайы, саяси қызметі туралы, оның парасатты, терең ойлы әрі көреген, өзінің заманына қарай білімді әйел болғаны жайлы, Шоқан Уәлиханов үшін халық даналығының сарқылмас бұлағы болғаны жайында жан-жақты баяндалды.
Айғаным ханым – қазақ тарихында өз бетінше билікке қол жеткізген өз заманының қоғам қайраткері, ел басқарған хан, еуропаша білім алып, бірнеше тіл меңгерген, ұрпақ тәрбиелеген тәлімі мол ана, әже ретінде өз ізін қалдырған дара тұлға.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #ПрямыеЭфиры #Чтение #Книги