Ефимов Сергей Кириллович

ЕФИМОВ Сергей Кириллович (1918, Солт. Қазақстан обл. Айыртау ауд. Тахтаброд а. – 1979) — Социалистік Еңбек Ері (1957). Еңбек жолын 1938 ж. техникумды бітірген соң Ақан а-нда агроном болып бастаған. 1940 ж. Кеңес Армиясы қатарына шақырылған. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Соғыстан кейін 1946—55 ж. учаскелік инспектор, Константинов және Тахтаброд МТС-тарында бас агроном, 1955—62 ж. Константинов МТС-ының директоры, Арықбалық ауд. ауыл ш. инспекпиясының бастығы, ауд. жоспарлау к-тінің төрағасы болып қызмет атқарған.

М.Мелехин