Досмағамбетов Төлеген Сәбитұлы

ДОСМАҒАМБЕТОВ Төлеген Сәбитұлы (10.4.1940, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Ш.Уәлиханов ауд. Мәртөк а. — 5.7.2001, Атматы қ.) — белгілі скульптор. Қазақстан Мемл. сыйлығының лауреаты (1976). Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1980). 1965 ж. И. Репин атынд. Ленинград архитектура және сурет ин-тының скульптура ф-тін бітірген. 1965—69 ж. Атматы көркемсурет уч-щесінде оқытушы. 1980— 2001 ж. Атматы көркемсурет академиясының кафедра меңгерушісі, доценті болды. Станоктық, монументті-декоративті скульптурада жұмыс істеді. Бірнеше скульптуралық портреттердің авторы: Ш.Уәлиханов (1967. пішін. гипс), О.Сүлейменов (1977. қола), т.б. Композициялары: “Степь”, “Космос” (1986. қола, кафетерий “Қазақстан”, “Волгоград”), “Артымызда Мәскеу” (Б.Момышұлына арналған. 1985. ғаныш), т.б. Д. Ш.Уәлихановтың (1966—71, қола, гранит, Көкшетау. арх. А.Әбдалиев); Ғ.Мұратбаевтың (1984. бронза, гранит, Алматы, арх. Ш.Уәлиханов, А. Қайнарбаев) ескерткіштерін жасады. Шет елге шығарм. сапарлармен барған кездерінде жасаған жұмыстарының ішінен “ГФР-да” жұмысы ерекшеленеді (1998. қола). Хатықар., бүкітодақтық және респ. көрмелерге қатысқан. Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының (1968-77, 1982-87) және КСРО Суретшілер одағы басқармасының (1977—88) мүшесі болған.