«Әдебиеттің кемел тұлғасы»

2023 жылдың 4 қазаны күні сағат 15.00-де Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында көрнекті жазушы Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Әдебиеттің кемел тұлғасы» атты әдеби кеш өтті.

Кешті С.Мұқанов атындағы ОӘҒК-ның бөлім басшысы Майра Әшімова жүргізді.

Іс-шараға ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, облыстық, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің студенттері, «Өрлеу» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының тыңдаушылары, кітапхана оқырмандары қатысты.

Алғашқы болып сөз сөйлеген белгілі жазушы, журналист, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Жақсыбай Самрат көрнекті жазушы Кемел Тоқаевтың өмірі, қызметі, шығармашылы туралы жан-жақты баяндады.

М.Қозыбаев атындағы СҚУ жанындағы Тіл және әдебиет институтының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Жазира Көкбас жазушы Кемел Тоқаевтың шығармаларына шолу жасап, тәрбиелік маңызына тоқталды.

Оқу залының жоғары санатты кітапханашысы Әсел Шайхислямова Кемел Тоқаев туралы орыс тілінде баяндама жасады.

Шараға қатысушылар «Қаламы қарымды көрнекті қаламгер» атты кітап көрмесін тамашалады.