2022 жылдың 8 шілдесі күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде Тұрмағамбет Ізтілеуовтің туғанына 140 жыл толуына арналған «Ардақты ақын» атты әдеби сағат өтті.
Қаламы ұшқыр, ойы терең, әр сөзінің астарында батпандай салмақ жататын дүлдүл ақынымыз — Тұрмағанбет Ізтілеуұлы туған халқы жайында әртүрлі қырынан қарап, әртүрлі тақырыптық ауқымдарды жырлады, жазбаша айтыстың дамуына өзіндік үлесін қоса отырып, Сыр бойындағы жазба айтыс мектебін қалыптастырушылардың бірі болды. Оның осындай шығармашылықтары туралы кітапханашы Дамира Серікбаева жан-жақты баяндады. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті жанындағы Тіл және әдебиет институтының студені Аяған Диас пен №8 мектептің 10 сынып оқушысы Амангелді Әдемі Тұрмағамбет Ізтілеуовтің өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып берді.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение#Книги #АрдақтыАқын