Әдеби кеш «Зор талант иесі»

2021 жылдың 14 мамыры күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жерлесіміз, жазушы, драматург Шахмет Хұсайыновтың туғанына 115 жыл толуына арналған «Зор талант иесі» атты әдеби кеш өтті.

Шараға М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері қатысты.

М.Қозыбаев атындағы СҚУ жанындағы Тіл және әдебиет институтының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор, филология ғылымдарының кандидаты Қадыров Жанбай Тұрарұлы «Шахмет Хұсайыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы» баяндама жасады. Ол қазақ әдебиеті тарихында Шахмет Хұсайыновтың  алатын орны ерекше екенін айта келіп, әдебиеттің ең күрделі жанры ұлттық драматургия жанрының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты,-деді.

Кітапхана қызметкері шараға қатысушыларды «Халқымыздың ардақты перзенті» атты кітап көрмесімен таныстырды.


#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#ЗорТалантИесі