Кәкішұлы Т. Мағжан — Сәкен
Кәкішұлы Т. Мағжан - Сәкен [Мәтін] : ғылыми эссе / Т. Кәкішұлы. - Астана : Фолиант, 2016. - 375 б. - (Таным-Дария). - 500 дана. - ISBN 978-601-302-544-5.
Аннотация: Қазақ әдебиеттану ғылымында ғана емес, бүкіл азаматтық тарихымызда шешуін таппай келе жатқан, дау-дамайы көп мәселелердің бірі - Мағжан мен Сәкеннің қарым-қатынасы. Олардың көзі тірі кезінде де, ақталғаннан кейін де дабырасы басылмай келе жатқан әлеуметтік және пенделік жайларды шешуге Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор Тұрсынбек Кәкішұлы кірісіп, тарихи деректерге сүйеніп, архив мағлұматтарымен бекітетін, көркемдік талдаулармен оқушының көзін шындыққа жеткізетін машығынан бұл жолы да айнымапты.
Әдебиетіміздің ұлы классиктерінің өмірі мен шығармаларын өзек еткен ғылыми эссе бүкіл қазақ қауымының шындығын шарайнадан көрсетіп, оқушының әдеби, тарихи танымын, эстетикалық түсінігін молайтқан.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің болмасын білуге құмартқан шәкірттер, магистрант-аспиранттар, іздемпаз ғалым, зерделі оқырмандар салиқалы да тартымды, көркем баяндалған ғылыми хикаядан керегін тауып, сусын қандырады хақ.