ДАНИЯРОВ Нұрыш Даниярұлы (1899. Солт. Қазақстан обл. Пресногорьков ауд. — 1938) — қоғам қайраткері, ұжымшар құру жұмыстарын ұйымдастырған. 1908—14 ж. Федоров а-ндағы орыс-қырғыз уч-щесінде оқыған. 1923—24 ж. Мәскеу қ-ндағы ВКП(б) ОК жанындағы уездік партия қызметкерлерінің курсын бітірген. 1930—31 ж. Астық кеңшарлары директорларының курсында тыңдаушы (Мәскеу қ.) болды. Еңбек жолын 1920—22 ж. Петропавл қ-лық халыққа білім беру ісінің Ақмола губ. бөлімшесінде нұсқаушы болып бастаған. 1922-23 ж. Ақмола губ. Черлак қ. Черлак уездік атқару к-тінде бөлім меңгерушісі, 1925— 30 ж. ВКП(б) Ақмола уездік к-тінің хатшысы. Петропавл қ-ндағы Губ. кеңестік партия мектебінің меңгерушісі, ВКП(б) Петропавл округі Октябрь аудандық к-тінің хатшысы: 1930—34 ж. Бейнетқор ауд. Қиялы, Шағадалы астық кеңшарлары директорларының орынбасары. Қарабалық ауд. Ауыл шаруашылығын механизациялау техникумының директоры, ВКП(б) Ақтөбе обл. Адамов ауд. к-тінің хатшысы. ВКП(б) Алматы қ. өлкелік к-ті ауыл ш. бөлімінің нұсқаушысы. 1934-37 ж. ВКП(б) Оңт. Қазақстан обл. Сарысу ауд. (қазіргі Жамбьы обл.) к-тінің 1-хатшысы болып қызмет атқарған. “Социалистік шаруалар” газетін шығарушылардың бірі. Д. 1937 ж. 30 қазанда жазықсыз жала жабылып, тұтқынға алынған. 1938 ж. 19 ақпанда атылған.