«Даланың ержүрек батыры»

2022 жылдың 8 маусымы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тікелей эфирде Қабанбай батырдың туғанына 330 жыл толуына «Даланың ержүрек батыры» тақырыбында онлайн дәріс өтті.
Дәрісті Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың тарих пәнінің мұғалімі Қайыров Аслан Әділжанұлы өткізді.
Аслан Әділжанұлы ХVІІІ ғасырдағы қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі, Қабанбай, Дарабоз, Хан батыры атанған даңқты қолбасшы Қаракерей Қабанбай батырдың өмірі мен жорық жолдары туралы жан-жақты баяндады. Шара барысында Қабанбай батыр туралы бейнеролик көрсетілді.
Бұл дәрістің жас ұрпақтың бойына халқымыздың қаһарман ерлігін, ұлтымыздың қайсар қасиетін сіңіруге, туған елін шексіз сүюге тәрбиелеуде маңызы зор.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #ФранцузскийЯзык #ДаланыңЕржүрекБатыры