2025 жылдың 12 наурызы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлы ойшыл, әмбебап энциклопедист ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай «Даланың дара данасы» атты танымдық сағат өтті (тікелей эфирге сілтеме).
Эфир барысында Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірбаяны, ғылыми еңбектері жайлы баяндалды.
Әбу Насыр әл-Фарабидің рухани мұрасы – біздің сарқылмас қазынамыз. Ол өзінің шығармаларына әділетті қоғам қалыптастыру, ізгі адам тәрбиелеу идеяларын арқау етті.
Эфирді қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің кітапханашысы Зәмзәгүл Өмірзақ өткізді.