Даиров Амангелді Алтайұлы

ДАИРОВ Амангелді Алтайұлы (25.8.1950, Солт. Қазақстан обл. Булаев ауд. Булаев қ.) — қызметкер, ҚР білім беру ісінің үздігі. 1981—84 ж. “Спартак” ДСО-ның бөлім меңгерушісі, 1984-87 ж. “Спартак” ДСО-ның обл. кеңесінің төрағасы. 1987 — 91 ж. “Кәсіподақ” ВДФСО обл. кеңесі торағасының орынбасары. 1991—94 ж. осы кенестің төрағасы, 1994— 2000 ж. білім беру жүйесінің обл. дене тәрбиесі басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 2000 жылдан бастап Солт. Қазақстан обл. дене тәрбиесі және спорт басқармасының бастығы. Д-тың жетекшілігімен спорт мектептерінің жүйесі 11-ге көбейді. Олимпиадаға қатысушьшарды даярлайтын орталық спорттық акробатикадан, бокстан, ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері ашылды. БЖСМ жанынан женіл атлетикадан мүгедектер спорты бөлімі ұйымдастырылды. Д-тын қызметінің нәтижесінде ҚР-ның ұлттық құрама командаларында солт. қазақстандық спортшылар қатары 112 адамға, үнемі дене тәрбиесімен айналысатындар саны 23 мың адамға көбейді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының. ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен. “Спортқа сіңірген еңбегі үшін” белгісімен марапатталған.