Құдабаев Жасұлан Құдабайұлы

ҚҰДАБАЕВ Жасұлан Құдабайұлы (1930. Со.тг. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Орталық с.) — ҚР-ның еңбек сіңірген агрономы, Омбы ауыл ш. ин-тын бітірген. МТС агрономы, ұжымшарда агроном, кеңшардың, ауданның аға агрономы, кеңшар директоры, соңғы 17 жыл бойы обл. ауыл ш. басқармасының аға агрономы, егіншілік бастығы, обл. астық өндірісінің бастығы қызметтерін атқарған. К. — соғыс және еңбек ардагері, ҚР-ның дербес зейнеткері. 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту, 2 мәрте “Құрмет Белгісі” ордендерімен, Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің грамотасымен, Қазақ КСР Ауыл ш. министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған. КСРО-ның ХШЖК-не қатысқан.

С.Жұмабаев