Дәуренбеков Жұмабек Асылбекұлы

ДӘУРЕНБЕКОВ Жұмабек Асылбекұлы (20.3.1930. Солт. Қазақстан обл. қазіргі Ғ.Мүсірепов ауд. Қара ағаш а. — 22.7.1997) — қоғам қайраткері, орман ш-н ұйымдастырушы. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген орманшысы. Қазақ мемл. а.ш. ин-тының орман ш. ф-тін бітірген (1953). Еңбек жолын 1953 ж. Көкшетау обл. (қазіргі Солт. Қазақстан обл.) Айыртау орман ш-нда аға орманшы болып бастаған. 1959—61 ж. Куйбышев орман ш. дирекгоры. 1961—62 ж. Көкшетау ауд. атқару к-ті төрағасының орынбасары, 1962— 65 ж. Целиноград (қазіргі Ақмола) обл. оқу-үйрету жұмыстарын жүргізетін Сандықтау орман ш. директор. 1965— 71 ж. Солт. Қазақстан обл. Орман ш. және орманды қорғау басқармасының бастығы. 1971— 78 ж. Орман ш. мемл. к-ті директорының орынбасары болды. 1978 ж. министрдің орынбасары. ал осы жылдың мамыр айынан Қазақ КСР Орман шаруашылығы министрінің 1-орьшбасары қызметін атқарған. “Жер жаннаты” және “Жасыл әлемге саяхат” кітаптарынын авторы. “Құрмет Белгісі” орденімен және медалдермен марапатталған.

Қ.Мұқанов