Жүнісов Сәкен Нұрмақұлы

ЖҮНІСОВ Сәкен Нұрмақұлы (1.2.1934, Солт. Қазақстан обл., Қызылту ауд., Қызылту а. — 2006) — Қазақстанның халық жазушысы (1996). ҚазМУ-ді бітірген (1957). "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналында (1957—59). Қазақ драма театрында (1960—64) бөлім меңгерушісі, Қостанай пед. ин-тында оқытушы (1964), "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі (1964-68), КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы (1988—92) қызметтерін атқарған. 1992 жылдан шығармашылыү қызметте. Ж-тің жасөспірімдерге арналған тұңғыш әңгімелері студент кезінде жарық көрді. "Сонарда" (1958), "Әжем мен емші және дәрігер" (1961), "Кімнің мекені жақсы?" (1961), "Өшпейтін іздер" (1961) атты әңгімелер мен повестер жинағы жарық көрген. "Жапандағы жалғыз үй" романы (1965) кезінде қазақ әдебиетіндегі елеулі құбылыс ретінде бағаланды. Мұнда тың игеру кезіндегі қазақ даласындағы әлеум. қайшылықтар алғаш рет көркем шығарма арқауына айналған.

Возможно вам будет интересно

Жұмекен Нәжімеденов (1935-1983)

Жұмекен Нәжімеденов (1935-1983)

Занятие в зоне Makerspace. Сборка "робота-динозавра"

Занятие в зоне Makerspace. Сборка "робота-динозавра"

Приглашаем на прямой эфир «Новые перспективы развития»

Приглашаем на прямой эфир «Новые перспективы развития»