Ысқақов Жақсылық Ғабдуллаұлы

ЫСҚАҚОВ Жақсылық Ғабдуллаұлы (23.3.1932, Со.тг. Қазақстан обл. Есіл ауд. Бұлақ а.) - партия және қоғам қайраткері. Қазақ мемл. ауыл ш. ин-тын (1954). Тимирязев ауыл ш. академиясын (1957), КОКП ОК-ндегі жоғары партия мектебін (1967) бітірген. Қазан (қазіргі Шал ақын) ауд-ның Ольгинка а-ндағы Ворошилов МТС-нда аға агроном (1957-58). Есіл ауд-ның Заградов а-ның бас агрономы болған. 1959-63 ж. Солт. Қазақстан обл. комсомол к-тінің 2-, кейін 1-хатшысы, 1963-65 ж. Тимирязев ауд. атқару к-тінің, 1967-70 ж. Бескөл ауд. атқару к-тінің төрағасы, 1970-75 ж. Сергеев (қазіргі Шал ақын) ауд. партия к-тінің 1-хатшысы, 1975-85 ж. Солт. Қазақстан обл. атқару к-ті төрағасының 1- орынбасары, 1985-91 ж. Павлодар обл. ажару к-тінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1991 жылдан зейнежер. Ленин, Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі", "Халықтар достығы" ордендерімен марапатталған.

Қ.Мұқанов

Возможно вам будет интересно

Памятники архитектуры г. Петропавловска

Памятники архитектуры г. Петропавловска

«Қарымды қаламгер, ғибратты ғалым» Зарқын Тайшыбай 80 жаста

«Қарымды қаламгер, ғибратты ғалым» Зарқын Тайшыбай 80 жаста

Экскурсия по выставке

Экскурсия по выставке