Утин Мекеш Жұмабекұлы

УТИН Мекеш Жұмабекұлы (16.10.1950. Солт. Қазақстан обл. қазіргі М.Жұмабаев ауд. Ворошилов с.) - ғалым. Халықар. Ақпараттандыру академия-сының академигі. ҚР Инженерлік академиясының корр. мүшесі. 1978 ж. М.Ломоносов атынд. ММУ-тін бітірген. 1978-80 ж. Қазақ КСР Ауыр құрылыс мин-нің "Алматықұрылыс" тресінде экономист, аға экономист. 1981-82 ж. "Алматыоргтехқұрылыс" тресінің мердігерлік бригадасын енгізу және экономика бөлімінің бастығы. 1982-85 ж. бөлім бастығы. Қазақ КСР Ауыр құрылыс мин-нің бас эконом. жоспарлау басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 1985-87 ж. "Алматымәденитұрмысқұрылыс" тресінің эконом. мәселелер жөніндегі бастығының орынбасары. 1987-94 ж. Қазақ КСР Мин. Кеңесі жанындағы "Басалматықұрылыс" бастығының орынбасары, 1994-2000 ж. випе-президент. 2000 жылдан "Алматықұрылыс" ұлттық холдинг компаниясы ААҚ-нын бірінші вице-президенті. У. Қазақстан Құрылысшылары қауымдастығы төрағасының орынбасары. Ғыл. жұмыстармен айналысқан. Бірнеше ғыл. мақала мен жұмыстардың авторы. Медалмен марапатталған. У. "Алматықұрылыс" ҰХ компаниясы жанындағы - "Ардагер", "Жарылғап батыр" қорларының, "Бозторғай" балалар қорының қызметіне жетекшілік етеді. Респ. айтыстардың жеңімпаздарына берілетін Е.Асқаров атынд. сыйлықты ұйымдастырушы.

Х. Баймен

Возможно вам будет интересно

История села Возвышенка

История села Возвышенка

Медиация, как средство по разрешению конфликтов в современной среде

Медиация, как средство по разрешению конфликтов в современной среде

Вебинар «Организация фестиваля фантастики, комиксов, косплея «Югракон»

Вебинар «Организация фестиваля фантастики, комиксов, косплея «Югракон»