Тілен би Монтайұлы

ТІЛЕН БИ Монтайұлы, Тілен би (1791, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Шал ақын ауд. Үмбет қонысы – 1886, сонда) - белгілі ағартушы және дін қызметкері. Пегропавл қ-ндағы Шақшақ медресесінде, кейіннен Самарқанд медресесінде оқыған. Самарқанд медресесін бітірген соң туған ауылына келіп. туған-туысқандарының көмегімен өзінің медресесін ашып, ауыл балаларын оқытқан. Т. б. шешендік өнердің шебері және даулы мәселелерді шариғат заңдары бойынша шешіп беріп отырған. Жастық шағында ерекше күш иесі болған, базарларда және жәрмеңкелерде аттарды, түйелерді, бұқаларды көтеріп, "алып Тілен" деп аталған. Сонымен қатар хатық оны Сопы Тілен, қажы Тілен, хазірет Тілен деп те атаған. Аға сұлтандар Жалбыр Абдуллин, Шыңғыс Уәлиханов, Есеней Естемісов билік құрған тұста Аманқарағай округінің бас діни басшысына сайланған.

Қ. Мұқанов, К. Биғожин

Возможно вам будет интересно

Чепурко К. И. Алёшкины истории, или весёлые истории для малышей и не только. Бабушкина азбука Алёши

Чепурко К. И. Алёшкины истории, или весёлые истории для малышей и не только. Бабушкина азбука Алёши

Жұртбай, Т. Кешегі өткен би Құнанбай...

Жұртбай, Т. Кешегі өткен би Құнанбай...