Төлешов Амандық Қуатұлы

ТӨЛЕШОВ Амандық Қуатұлы (20.1.1958, СҚО қазіргі Шал ақын ауд. Еңбек а.) - көрнекті механик ғалым, техника ғыл. докт. (1999), проф.(2001). ҚР Ұлттық инж. академиясының акад. (2006), ҚР Жоғары мектеп ҒА-ның (2003) коор. мүшесі. Қазақ мемл. ун-тін (қазіргі Әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық ун-ті) бітірген (1984). Еңбек жолын қазіргі Есіл ауд. Ақтас мектебінде физика және математика пәндерінің мұғалімі болып бастаған. 1976-78 ж. Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. Т. 1984-2004 ж. Қазақ ұлттық ун-тінде инженер, аға ғыл. қызметкер, аға оқытушы, теориялық және қолданбалы механика кафедрасының доценті 1996-99 ж. проректордың ғылым жөніндегі орынбасары әрі ғыл.-зерт. бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды, сонымен қатар 1997 жылдан бері ун-ттің ғыл.-тех-нол. паркінің директоры болып жұмыс істейді. 2005 жьидан ҚР Ұлттық инженерлік академиясы Президиумында бас ғыл. хатшы. Негізгі ғыл. еңбектері машиналар мен механизмдер теориялары. мех. жүйелерді ма-тем. жолмен моделдеу. машина қондырғылары мен аспаптары динамикасы және беріктігі. т.б. зерттеуге арналған. Т. 120-дан аса ғыл. еңбектін, оның ішінде 3 оқулықтың, 2 монографияның, 2 авторлық куәліктің, 6 патенттің авторы. ҚазҰУ-дың жаңашыл ғыл.-тех. жетістіктерінен Мәскеу, Астана. Алматы қ-ларында көрмелер ұйымдастырды. Болгария. Германия. Финляндия. Италия, Румыния, Оңт. Корея. Қытай, Ресей, Өзбекстан. Қырғызстан, т.б. шет елдерде өткен ғыл. конференциялар мен семинарларда ғыл. жетістіктері қолдау тауып, өндіріске енгізілді.

Ж. Төлешов

Возможно вам будет интересно

Приглашаем на мастер-класс "Бисероплетение: Плетение мозайкой"

Приглашаем на мастер-класс "Бисероплетение: Плетение мозайкой"

Профессия медсестра

Профессия медсестра

«Читатель рекомендует». Ю.Семенов «Семнадцать мгновений весны», С.Моэм «Луна и грош»

«Читатель рекомендует». Ю.Семенов «Семнадцать мгновений весны», С.Моэм «Луна и грош»