Тәкен Әлімқұлов (1918–1987) – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, ақын, жазушы, аудармашы және әдебиет сыншысы. Ол 1918 жылы 22 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. Т.Әлімқұловтың шығармалары қазақ мәдениеті мен руханиятының терең қатпарларына үңіледі.
Өмірбаяны:
Тәкен Әлімқұлов 1937 жылы Ащысай кенінде жұмысшы жастардың кешкі мектебінде оқыған. Шымкент қорғасын зауытындағы кеншілердің мөлтек газетінде екі тілде хабар жазып, қаламын ұштаған. 1946 жылы «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жауапты хатшы болып қызмет атқарған. Кейіннен Алматыға «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетіне ауысып, журналистік стилін қалыптастырған.
1949 жылы Мәскеуде М.Горький атындағы әдебиет институтына оқуға түседі. Өлең жазып, әдеби сынмен шұғылдана жүріп, аударма саласында елеулі еңбек етеді.
1955–1970 жж. КСРО Жазушылар одағында қызмет атқарады.
Шығармашылығы:
Тәкен Әлімқұлов алғашқы адымын ақындықтан бастаған. Алғашқы өлеңдер жинағы «Сапар» 1950 жылы жарық көрді.
Әдебиеттегі жолын ақын болып бастаған Тәкен Әлімқұлов проза, сын жанрына да қалам тартты.
«Жазғы жаңбыр» (1964), «Қаратау өрнектері», «Туған ауыл» (1968), «Боз жорға» (1969), «Күрең өзен» (1971), «Кертолғау» (1973, 1990), «Шежірелі сахара» (1976), «Көкек айы» (1982) атты әңгімелер мен повестер жинағы; «Ақбоз ат» (1962), «Тұлпарлар тағдыры» (1975), «Ел мен жер» (1978), «Замана екпіні» (1982) романдары шықты.
«О прошлом и настоящем» («Өткен мен қазіргі»), «Серый ястреб» («Көк қаршыға») , «Вся жизнь впереди» («Бар өмір алда»), «Музыкальная душа» («Сырлы наз») кітаптары орыс тілінде жарық көрді.
2013 жылы 8 томдық Шығармалар жинағы, 2015 жылы Таңдамалы жинағы жарыққа шықты.
Аудармалары:
П.Павленконың «Бақыт», В.Поповтың «Құрыш пен қоқыс», М.Ю. Лермонтовтың «Измаил бей» поэмасын (1951), Г.Николаеваның «Орақ үстінден», А.М.Горькийдің «Зеріктірген дүние» атты памфлетін, Э.Сент-Экзюперидің «Кішкентай шаһзада» ертегісін аударған. Оның Низамиден, Пушкиннен, Лермонтовтан, Маяковскийден аударған өлеңдері мен поэмалары оқырман жұртшылықтың көңілінен шықты.
Қазақ жазушыларының шығармаларын арагідік орыс тіліне аударған.
Әдеби зерттеулері:
1972 жылы «Жазушы» баспасынан «Жұмбақ жан» атты әдеби сын кітабын шығарған. Бұл еңбегінде Абай Құнанбайұлының шығармашылығын терең талдап, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен маңызын көрсеткен.
Марапаттары:
Тәкен Әлімқұлов Халықтар достығы орденімен марапатталған.
Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығы қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосып, оның еңбектері бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Мақалалар:«ЖАЛПЫДАН ЖЫРЫЛҒАН ЖАЛҚЫ»Тәкен Әлімқұловтың әңгімелері мен хикаяттарының тіл ерекшеліктеріТәкен және күй өнеріӘдебиеттің әңгімесі: Тәкенге оралуТ. Әлімқұлов аудармаларындағы баламалық табиғатыТәкентану тағлымыТәкен Әлімқұлов шығармашылығы және 60-80 жылдардағы қазақ прозасы (дәстүр және жалғастық)Құлбек ЕРГӨБЕК Жұмбақ жан. (Жазушы Тәкен Әлімқұлов туралы толғау)
Тәкен Әлімқұлов немесе жалғыздық жырыТәкеннің «Жұмбақ жаны»
Тәкен Әлімқұлов. АБАЙ ӨМІРІ – ҒАЖАП ӨМІРЭлектронды кітаптары:
Әлімқұлов, Т. Шығармалары [Мәтін]: көптомдық /Тәкен Әлімқұлов.- Алматы : ҚАЗақпарат , 2013. 1-том .– 377 б., портр.
Әлімқұлов, Т. Шығармалары [Мәтін]: көптомдық /Тәкен Әлімқұлов.- Алматы : ҚАЗақпарат , 2013. 2-том .– 377 б., портр.
Әлімқұлов, Т. Шығармалары [Мәтін]: көптомдық /Тәкен Әлімқұлов.- Алматы : ҚАЗақпарат , 2013. 3-том .– 377 б., портр.
Әлімқұлов, Т. Шығармалары [Мәтін]: көптомдық /Тәкен Әлімқұлов.- Алматы : ҚАЗақпарат , 2013. 4-том .– 377 б., портр.
Әлімқұлов, Т. Шығармалары [Мәтін]: көптомдық /Тәкен Әлімқұлов.- Алматы : ҚАЗақпарат , 2013. 5-том .– 377б., портр.
Әлімқұлов, Т. Шығармалары [Мәтін]: көптомдық /Тәкен Әлімқұлов.- Алматы : ҚАЗақпарат , 2013. 6-том .– 377 б., портр.
Әлімқұлов, Т. Шығармалары [Мәтін]: көптомдық /Тәкен Әлімқұлов.- Алматы : ҚАЗақпарат , 2013. 7-том .– 377 б., портр.
Әлімқұлов, Т. Шығармалары [Мәтін]: көптомдық /Тәкен Әлімқұлов.- Алматы : ҚАЗақпарат , 2013. 8-том .– 377 б., портр.
Әлімқұлов, Т. Таңдамалы [Мәтін] / Т. Әлімқұлов. – Алматы : Қазақпарат, 2015. - 1115 б., суретті;
Әлімқұлов, Т. Жұмбақ жан [Мәтін]: әдеби-сын зерттеу / Тәкен Әлімқұлов. – Алматы: Жазушы, 1993. - 223 б.
Алимкулов, Т. Музыкальная душа [Текст]: роман и рассказы: пер. с каз. / Такен Алимкулов. – Астана: Аударма, 2011. - 478 с., портр.
Тәкен Әлімқұлов. ҚараойТәкен Әлімқұлов өлеңдеріТ.Әлімқұлов туралы кітаптар:Тұлпар тақылеттес тұлға [Мәтін] : жазушы Тәкен Әлімқұлов туралы естеліктер / ... – Алматы : Білім, 2008. - 312 б. – (Әдеби мемуарлар. . .
Тарланбоз Тәкен [Мәтін] / Ө. Қырғызбаев . – Алматы : ҚАЗақпарат, 2006. - 79 б.– (Мектеп кітапханасы. . . )
Тәкен Әлімқұлов - сыншы және әдебиет зерттеушісі : Филол. ғылым. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. авторефераты мамандығы бойынша 10.02.02 - қазақ әдебиеті / Дүйсебекова, Айсәуле Есенғазықызы ... – Алматы, 2006. - 30 б.
Аудиокітаптары:
Көкпар. Тәкен Әлімқұлов
Тәкен Әлімқұлов - Қараой. 1- бөлім
Тәкен Әлімқұлов - Қараой. 2- бөлім. Соңы
КӨКПАР| ТӘКЕН ӘЛІМҚҰЛОВ | ӘҢГІМЕ|
МАЗМҰНДАМА. Тәкен Әлімқұлов «Қарой»
Тәкен Әлімқұлов. Сарыжайлау. Әңгіме
Тәкен Әлімқұлов. Көк қаршыға
Тәкен Әлімқұлов "Тұлпардың тағдыры"
Фильмдер:
Jarqyn beine (Жарқын бейне) - Тәкен Әлімқұлов
Үркер. Тәкен Әлімқұлов "Қараой"
"Кітапхана" - Тәкен Әлімқұлов