Станчак Николай Михайлович

СТАНЧАК Николай Михайлович (20.5.1958. қазіргі Қызылжар ауд. Надежка с.) — өндіріс ұйымдастырушысы. Петропавл эконом.-есеп техникумын (1977), Атматы жоғары партия мектебін (1987), Омбы политех. ин-тын (1995) бітірген. Еңбек жолын Петропавл жылжымалы механикаландырылған колоннасында слесарь-сантехник болып бастаған. Кеңес армиясының қатарында қызмет еткен. 1979-81 ж. Петропавл авиа-отрядының инженері, бастығы болған. 1981-88 ж. қататық аэропортта комсомол к-тінің хатшысы. Куйбышев ауд. партия к-тінде нұсқаушы, 1988 -96 ж. "Атқарушы механизмдер" з-тында партия ұйымы хатшысының орынбасары, хатшысы, директордың кадр және әлеум. жағдайлар жөніндегі орынбасары, 1996-2001 ж. осы з-ттың "Сауда үйі" бөлімшесінде, 2001-2005 ж. "Мұнаймаш" АҚ-нда президент, кейіннен бас директор қызметтерін атқарған. 2005 жылдан осы мекеме басқармасының төрағасы. Петропавл қ-лық мәжілісіне депутат болып сайланған. "Әскери қызметтің үздігі" (1978), "КСРО қарулы күштеріне 70 жыл", "Ерен еңбегі үшін" медалдерімен және облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталған (2000).

Возможно вам будет интересно

Баешова Ажар Қоспанқызы

Баешова Ажар Қоспанқызы

Домбай Н. Ерлік - елге мұра

Домбай Н. Ерлік - елге мұра

Обзор выставки "Золотая Орда - перекличка веков"

Обзор выставки "Золотая Орда - перекличка веков"