Симамбаев Тасбай Қабашұлы

СИМАМБАЕВ Тасбай Қабашұлы (20.1.1947, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Шал ақын ауд. Жалтыр а.) - саяси және қоғам қайраткері, сенатор. Ауыл ш. техникумын (1966), Целиноград ауыл ш. ин-тын (1970), Алматы Жоғары партия мектебін (1986) және Мемл. заң ун-тін бітірген. Тимирязев ауд. "Восход" с-нда агроном, 1970-78 ж. Жамбыл ауд. комсомол к-тінің, Солт. Қазақстан обл. ЛКЖО-ның 2-хатшысы. 1978-80 ж. обл. партия к-тінің нұсқаушысы, 1980-88 ж. Преснов ауд. партия к-тінің хатшысы, 1988-92 ж. Сергеев РАПО төрағасының орынбасары, "Москворецкий" кеңшарының директоры, 1992-95 жылдан Сергеев ауд-ның әкімі болған. 1995 ж. ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс к-тінің хатшысы. Әлем халықтары одағ Парламентаралық к-тінің мүшесі. Үкіметтік марапаттардың иегері. Ғ.Қадырәлі

Возможно вам будет интересно

Баймұратов Оразгелді

Баймұратов Оразгелді

Прямой эфир. Центр комиксов. Все интересное об издательстве Image Comics

Прямой эфир. Центр комиксов. Все интересное об издательстве Image Comics

Прямой эфир "История успеха". Встреча с Дамиром Абдиным, директором МРЦ

Прямой эфир "История успеха". Встреча с Дамиром Абдиным, директором МРЦ