Шалабаева Әмина Асқарқызы

ШАЛАБАЕВА Әмина Асқарқызы (1916. Солт. Қазақстан обл. Қызылжар (қазіргі М.Жұмабаев) ауд. Ақмола а. - 1996. Алматы) - белгілі ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қыздар пед. ин-тын бітірген (1948). 1934-38 ж. Алтай өлкелік "Қызыл ту" (Новосибирск) газетінде корректор, 1944-48 ж. Қазақ радиосында диктор. 1949-56 ж. "Қазақ елі" ("Жаңа өмір") журнатынын әдеби қызметкері, 1956-73 ж. "Жазушы" баспасында жұмыс істеген. Ш-ның алғашқы өлеңдері жас ақындардың "Жас қанат" жинағына енгізілген. Тұңғыш өлеңдер жинағы "Менің қарлығашым" 1962 ж. жарық көрген. Кейін "Күн қызы", "Тау бұлағы", "Әнші қоңырау", "Менің өрнектерім", "Адам туралы жыр", "Домбыра", "Орман жігіті", "Тандамалы", т.б. кітаптары шықты. Ш. қарақалпақ дастаны (поэма) - "Қырық қызды", т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударған. "Құрмет Белгісі" орденімен және медалдермен марапатталған.

Б.Қожахметов

Возможно вам будет интересно

Программа Access. Бесплатное обучение английскому языку

Программа Access. Бесплатное обучение английскому языку

Настольные игры в библиотеке

Настольные игры в библиотеке

Портрет Павла Васильева

Портрет Павла Васильева