Шалабаев Кенжеболат Нұртазаұлы

ШАЛАБАЕВ Кенжеболат Нұртазаұлы (1921, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Есіл ауд. Өрнек а. - 1976. Алматы) - еңбек және соғыс ардагері. 1941 - 47 ж. Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеп, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдары баспа орындарында, 1953 - 62 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нде жұмыс істеген. 1962 - 69 ж. Теледидар және радио хабарларын тарату Мемл. к-тінің төрағасы, Абай атынд. Қазақ мемл. опера және балет театрының директоры, "Қазақфильм" киностудиясы директорының орынбасары болған. Қазақ радиосы мен теледарының алғашқы жетістіктері Ш. есімімен байланысты. Ш. Джон Ридтің "Әлемді дүр сілкіндірген он күн", Р.Гамзатовтың "Менің Дағыстаным", т.б. кітаптарды қазақ тіліне аударған. "Құрмет Белгісі" орденімен және медалдермен марапатталған.

Возможно вам будет интересно

Фриис А. М. Антистресс по-скандинавски

Фриис А. М. Антистресс по-скандинавски

«Библиотека и школа: партнерство в информационном обществе»

«Библиотека и школа: партнерство в информационном обществе»

Мукановские чтения «Сәбит Мұқанов тағылымы», посвященные 125-летию писателя

Мукановские чтения «Сәбит Мұқанов тағылымы», посвященные 125-летию писателя