Шаймерденов Ербол Шаймерденұлы

ШАЙМЕРДЕНОВ Ербол Шаймерденұлы (12.5.1954, Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Жаңажол а.) – ақын, публицист. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. әл-Фараби атынд. ҚазМУ-ды және С.Сейфуллин атынд. Ақмола агр. ун-тін бітірген. "Солтүстік Қазақстан", "Жас алаш", "Егемен Қазақстан" газеттерінің редакцияларында қызмет істеген. 11-және 13-шақырылған Қазақстан Парламентінің ақпарат қызметін басқарған. 1997 - Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Мин. тілдерді дамиту жөніндегі департамент директоры, ҚР Үкіметі жанындағы терминология жөніндегі Мемл. комиссия төрағасының орынбасары. Бірнеше шығармашылық конкурстардың. М.Дулатов атынд. сыйлықтың лауреаты.

Г.Қадырәлі

Возможно вам будет интересно

Тюлебеков Касым Хажибаевич

Тюлебеков Касым Хажибаевич

Экологическая акция «Сохраним природу вместе!»

Экологическая акция «Сохраним природу вместе!»

«80 книг Победы». Выпуск 1

«80 книг Победы». Выпуск 1