Шақшақбаев Вадим Шамилұлы

ШАҚШАҚБАЕВ Вадим Шамилұлы (9.10.1971, Петропавл қ.) – спортшы, конькимен сырғанаудан халықар. дәрежедегі спорт шебері. КСРО чемпионы, спринтерлік көпсайыстан жастар арасынла әлемнің 8 дүркін рекордшысы. Азия ойындарының қола (Харбин, 1996), 1995 ж. Әлем кубогінің жүлдегері, Франциядағы (1992), Норвегиядағы (1996), Жапониядағы (Нагано, 1998) қысқы олимпиядалық ойындарға қатысушы. Петропавл пед. ин-тын (дене тәрбиесі ф-ті). Солт. Қазақстан мемл. ун-тін (экономика және өнеркәсіпті басқару ф-ті). ҚР Президенті жанындағы Мемл. қызмет академиясын (1999 - 2000) бітірген. 2000-2003 ж. Солт. Қазақстан обл-нда басшылық қызметтерде болды. 2003 жылдың тамыз айынан ҚР Индустрия және сауда мин-нің Сауда ісі комитетінің төрағасы.

Возможно вам будет интересно

Метлицкая М. Мандариновый лес

Метлицкая М. Мандариновый лес

Мәжитов Б. Ауылдың суреті

Мәжитов Б. Ауылдың суреті

Балаларға арналған қызықты әңгімелер

Балаларға арналған қызықты әңгімелер