Шәріпов Миғаш Смағұлұлы

ШӘРІПОВ Миғаш Смағұлұлы (8.3.1927, қазіргі М. Жұмабаев атынд. ауд. Сарытомар а.) - педагог, ақын, әнші, сазгер. КСРО ағарту ісінің, Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі. Петропавл пед. техникумын, Қаз-МУ-ды (қазіргі Әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық ун-ті) бітірген. Еңбек жолын колхозшы болып бастап, 1943-49 ж. бастауыш мектеп мұғалімі, 1950 - 52 ж. Булаев ауд. мектептерінің инспекторы, 1957-66 ж. Солт. Қазақстан, Алматы обл., Алматы қ., мектептерінде директор, 1966-76 ж. Қазақстан білім беру мин-нде, 1977-79 ж. Алматы қ-ның Алатау ауд. білім беру қызметкерлері кәсіподағы к-тінде, 1979-88 ж. Алматы обл. білім беру жүйесінде қызметтер атқарған. 1988-96 ж. Респ. пед. музейдің аға ғыл. қызметкері болды. 150-ден астам өлеңі мен 100-ден аса әні бар. Алматы қ-ндағы "Рауан" баспасынан "Бәйшешек" өлеңдер жинағы, ал 2001 ж. "Үлгілі ұжым" жинағында туындылары жарық көрген. Бірнеше медаль және грамоталармен марапатталған.

Қ.Мұқанов

Возможно вам будет интересно

Стандарт комплексного развития территорий Республики Казахстан. Каталог 2: Каталог принципиальных архитектурно-планировочных решений. Жилые дома

Стандарт комплексного развития территорий Республики Казахстан. Каталог 2: Каталог принципиальных архитектурно-планировочных решений. Жилые дома

Прямой эфир «Символ чести, доблести и славы»

Прямой эфир «Символ чести, доблести и славы»

Поэтический коллаж  «Тень крыла чернобыльской беды»

Поэтический коллаж «Тень крыла чернобыльской беды»