Шәкенов Қанаш Шәкенұлы

 ШӘКЕНОВ Қанаш Шәкенұлы (7.11.1922, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Есіл ауд. Қаратал а. - 15.4.2002, Петропавл қ.) - ғалым. Экон. ғыл. канд., доцент. Қазақ КСР Жоғары мектебінің үздік қызметкері. Жоғары партия мектебін (1949). Абай атынд. ҚазПИ-ді (1950). КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын (1955) бітірген. Еңбек жолын 1942 ж. ұжымшар бухгалтері болып бастаған. Кейін ауд. партпя к-тінің насихатшысы, 1955 ж. обл. партия к-тінде, ауд. партия к-тінде қызмет атқарған. 1956 ж. Петропавл пед. ин-тында доцент, саяси экономика және философия кафедрасының меңгерушісі, 1969-88 ж. ин-т ректоры болған. Ш. басшылық жасаған жылдары ин-т республика жоғары пед. оқу орындарының ішіндегі ең тандаулыларының біріне айналған. Солт. Қазақстан мемл. уи-тінің құрметті профессоры. "Құрмет Белгісі" орденімен және медалдермен марапатталған.

М.Михайлов

Возможно вам будет интересно

Арт-энциклопедия. Таланты родной земли.

Арт-энциклопедия. Таланты родной земли.

Проект «Живые страницы классики…» «Козы – Корпеш и Баян – Сулу» Часть 2

Проект «Живые страницы классики…» «Козы – Корпеш и Баян – Сулу» Часть 2

Приглашаем посмотреть наш видеоматериал PRO-чтение «Ася Лавринович: новая звезда Young Adult-литературы»

Приглашаем посмотреть наш видеоматериал PRO-чтение «Ася Лавринович: новая звезда Young Adult-литературы»