Сағдиев Махтай Рамазанұлы

САҒДИЕВ Махтай Рамазанұлы (1929. Солт. Қазақстан обл. Есіл ауд. Өндіріс а.) — мемлекет және қоғам қайраткері. Талғар ауыл ш. техникумын. Н.К. Крупская атынд. Семей мемл. мұғалімдер ин-тын бітірген (1950). 1954 ж. Есп ауд. партия к-тінің инспекторы. 1956-57 ж. Есіл ауд. Ильич атынд. МТС-нда партиялық бюроның хатшысы. 1957-61 ж. Алматы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. 1961-62 ж. Есіл ауд. Явлен а-ның партиялық бюросының хатшысы, 1962-66 ж. Сергеев ауд. "Афанасьев" кеңшарының директоры, 1966-70 ж. Соколов ауд. партия к-тінің, 1970-71 ж. Жамбыл ауд. партия к-тінің 1 -хатшысы. 1971-80 ж. Торғай обл. атқару к-ті төрағасының орынбасары, 1980-83 ж. Қазақ КСР Балық ш. министрі, 1983-85 ж. Қостанай обл. атқару к-тінің төрағасы. 1985-89 ж. Көкшетау обл. партия к-тінің 1-хатшысы, 1989-90 ж. Қазақ КСР Жоғ. Кеңесі Президиумының төрағасы қызметтерін атқарған. 1991 жылдан Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы. 10-, 11-сайл. Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің депутаты болған. Ленин, Қазан революциясы, 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту, "Парасат" ордендерімен және медалдермен марапатталған. С. "Шындық бар жерде сенім де бар" атгы кітаптын авторы.

М. Ключеров

 

Возможно вам будет интересно

«Тағылымы мол дарын»

«Тағылымы мол дарын»

Донченко Андрей Васильевич

Донченко Андрей Васильевич