Сүтішев Мидхат Усманұлы

СҮТІШЕВ Мидхат Усманұлы (9.5.1926. Петропавл қ. - 10.5.1995. сонда) — өндірістік өнеркәсіпті ұйымдастырушы. Қазақстан өнеркәсібінің еңбек сіңірген қызметкері. Құрметті радист. Ленинград (Санкт-Петербург) арктикалық уч-щесін бітірген (1949). 1942-46 ж. Петропавлдағы № 641- з-тта фрезеровщик, автоматтандырылған парктың құраушысы, мастер болған. 1949-52 ж. Халық комиссарлары кеңесі жанындағы "Главсевморпути" полярлық авиация басқармасының "Тикси" авиапортында радиотехник, аға радиотехник, 1953-61 ж. № 641- з-тта мастер, аға инженер, цех бастығы, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1961-87 ж. КСРО өнеркәсіптік байланыс құралдарын жасау мин-ндегі Киров атынд. з-тының директоры. Ол зуытта өнім сапасын арттыру және қондырғыларды жаңалау мен әлеум. базасының дамуына зор үлес қосқан. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің депутаттығына сайланған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы ордендерімен және бірнеше медалмен, Қазақстан Жоғ. Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Возможно вам будет интересно

«След на земле и в памяти людей» К юбилею краеведа К.Муканова

«След на земле и в памяти людей» К юбилею краеведа К.Муканова

Вербер Б. День муравья

Вербер Б. День муравья

Орынбай Бертағыұлы

Орынбай Бертағыұлы