СӘКЕН батыр Жабайұлы (т.ө.ж.б., 19-ғ.. Талпын а., Жамбыл ауд. Солт. Қазақстан обл.) — ұлт-азаттық қозғалысының батыры. Ресей империясының отарлау саясатына қарсы қарулы ұрысты басқарып, қазіргі Жамбьш ауд. аумағын әскери экспансиядан қорғады. Жергілікті халық оны елінің тәуелсіздігі жолында күрескен батыр ретінде еске сақтаған. Отаршылдар қолынан қаза тапқан. Мазары Талпын а. маңында. 1995 ж. ұрпақтары батырға сол жерде ескерткіш орнатты.