«Ұрпақтар жүрегінде - В сердцах поколений» атты иллюстрациялық кітап көрмесінің тұсаукесері
Бүгін кітапханада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұрпақтар жүрегінде - В сердцах поколений» атты иллюстрациялық кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Бұл шара қазақстандық жауынгерлердің жанқияр ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің өлшеусіз еңбегін ұлықтауға, кейінгі ұрпаққа бейбіт өмірдің қадірін ұғындыруға арналды.
Көрмеде қазақстандыктардың Ұлы Отан соғысының Жеңісіне қосқан үлесі, жауға қарсы аянбай күрескен қазақ жауынгерлерінің ерен ерліктері жайындағы еңбектер, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Бигелдинов, Рейхстагқа бірінші болып Жеңіс туын тіккен Қазақстанның Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова, қазақтың тұңғыш әскери ұшқышы, Қазақстанның Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов туралы кітаптар топтастырылған. Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы ерекше атап өтілді. Соғыс тақырыбына жазылған көркем шығармалар, кинофильмдер, өлеңдер мен әндер де осы көрмеде орын алған. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Ұлы Жеңіске қосқан сүбелі үлесін көрсететін кітаптарға көрменің бір бөлімі арналды.
Іс-шарада қалалық маслихат депутаты, қоғам қайраткері Болат Қожахметов сөз сөйледі. «Золотая лира» әдеби үйірмесінің мүшелері мен №2 орта мектептің 9 «Б» сынып оқушысы Окованцев Вячеслав соғыс, жеңіс тақырыбына арналған өлеңдер оқыды. №21 орта мектептің 8 «А» сынып оқушылары шағын сахналық көрініс ұсынып, іс-шараны «Идет солдат по городу» әнімен аяқтады. Тұсаукесерге қала колледждерінің студенттері мен мектеп оқушылары, сондай-ақ кітапхана оқырмандары қатысты.
Сегодня в библиотеке состоялась презентация книжно-иллюстративной выставки под названием «Ұпақтар жүрегінде - В сердцах поколений», приуроченной к 80-летию Великой Победы. Мероприятие было посвящено подвигу казахстанских солдат на полях сражений и неоценимому вкладу тружеников тыла, а также направлено на воспитание у подрастающего поколения чувства благодарности за мирное небо.
На выставке представлены книги, рассказывающие о вкладе казахстанцев в Победу в Великой Отечественной войне, о героизме казахстанских воинов, сражавшихся с врагом. Среди экспонатов — труды о дважды Герое Советского Союза Талгате Бигельдинове, Народном Герое Казахстана, первом водрузившем Знамя Победы на Рейхстаге, Рахымжане Кошкарбаеве, Герое Советского Союза Маншук Маметовой, первой казахской женщине-летчице, Народном Герое Казахстана Хиуаз Доспановой, а также о Герое Советского Союза, Народном Герое Сагадате Нурмагамбетове. Особое внимание уделено 115-летию Бауыржана Момышулы и 100-летию со дня рождения Алии Молдагуловой. Также на выставке представлены художественные произведения, фильмы, стихи и песни о войне.
Отдельный раздел выставки посвящён значимому вкладу Северо-Казахстанской области в Великую Победу.
В рамках мероприятия выступил депутат городского маслихата, общественный деятель Болат Кожахметов. Члены литературного кружка «Золотая лира» и ученик 9 «Б» класса средней школы №2 Вячеслав Окованцев прочитали стихи на тему войны и Победы. Ученики 8 «А» класса средней школы №21 представили небольшую инсценировку, и завершили мероприятие песней «Идёт солдат по городу». На презентации присутствовали студенты городских колледжей, школьники и читатели библиотеки.