Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Мейірімділіктің маңызын арттырып, қайырымдылықтың қанатын жаятын, жүректі жылулыққа толтырып, ниеттің тазалығымен түйінделетін бұл тамаша мейрамның мағынасы терең. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Биыл Құрбан айт мерекесі 20-22 шілде күндері өтеді. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалынады, бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі.
Бүгін кітапханада «Құрбан айт: тарих және дәстүр» тақырыбына тікелей эфир өтті. Эфирге «Мухсин» мешітінің бас имамы Құрсақов Абылай Құрмашұлы қатысып, Құрбан айт мейрамына қатысты сауалдарға жауап берді. Асыл дінімізде дәріптелген діни мейрамның тарихына шолу жасады. Құрбан шалу талаптары туралы айта келіп, биылғы жылы пандемияға байланысты енгізілген өзгерістерді атап өтті.


ЭБС "Библиороссика"
ЛитРес: библиотека
Қазақстанның ашық кітапхана
Казахстанская национальная электронная библиотека
Қазақстанның ашық кітапхана
Электронное правительство
Рухани жаңғыру
Послание президента
Государственные символы