РАХЫМЖАНОВ Уап Әшімұлы (20.6.1929. Солт. Қазақстан обл. қазіргі Айыртау ауд. Ақан а. — 3.12.1988. Петропавл қ.) - ардагер. журналист. ҚазМУ-ды бітірген. 1952-63 ж. обл. "Көкшетау правдасы" газетінің әдеби қызметкері, жауапты хатшысы. бас редактордың орынбасары, "Коммунизм жолы" және "Путь коммунизма" бірлескен газеттерінің редакторы. 1964-68 ж. Ақтөбе өлкелік "Коммунизм таңы", "Көкшетау правдасы" газеттерінде бас редактордың орынбасары, 1969-88 ж. "Ленин туы" (қазіргі "Солтүстік Қазақстан") газетінің редакторы болды. 2 мәрте "Құрмет Белгісі" орденімен және медалдермен марапатталған.
Ғ. Қадірәлі