Биыл қазақ әдебиетіне "Қар қызы", "Кербұғы", "Қайдасың, қасқа құлыным", "Атау кере", "Тортай мінген ақбоз ат" сынды өшпес шығармалар сыйлап, "Алтайдың кербұғысы" атанған жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толады. Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетінің ғана емес, күллі әлем әдебиетінің тарихынан өз орнын айшықтаған тұлға. Ұлтының бағына біткен жазушының шығармалары бір оқып қана қоятын шығарма емес, ізгілікке қызмет етер мәңгі туынды.
Бүгін кітапханада №23 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Д.Шопанованың қатысуымен «Өр Алтайдың Мұзбалағы» тақырыбына тікелей эфир өтті. Эфирде жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасалды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Информация #Мероприятия #Книги #Чтение