ПЕРЕПЕЧИНА Ольга Валентиновна (23.8.1967, Солт. Қазақстан обл. Бескөл ауд. Новокамен а.) — қызметкер. Қорған а.ш. ин-тын бітірген (1989). 1989 - 92 ж. Бескөл ауд. "Новокаменский" кеңшарында жұмыс және еңбек ақы төлеу жөнінде экономист, 1992-96 ж. "Новокаменская" агрофирмасының аға экономисі, 1996-2002 ж. обл. қаржы департаментінің бастығы қызметтерін атқарды. "Қазақ Ресиубликасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медалімен марапатталған (2001).