Оразалин Аманбол Мұхамедғалиұлы

ОРАЗАЛИН Аманбол Мұхамедғалиұлы (10.10.1951, Солт. Қазақстан обл. Есіл ауд. Қазан с.) — саяси және қоғам қайраткері. Целиноград ауыл ш. ин-тын бітірген (1973). 1973-76 ж. Солт. Қазақстан обл. Северный а-ның бөлімше агрономы, 1976-77 ж. Ленин ауд. ауыл ш. басқармасының агрономы, тұқым өсіруші маманы, 1977- 83 ж. Солт. Қазақстан обл. Соколов ауд. комосомол к-тінің 2-хатшысы, содан кейін 1-хатшысы қызметтерін атқарған. 1985 ж. Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. 1986-87 ж. Солт. Қазақстан обл. Совет ауд. партия к-тінің 1-хатшысы. 1987-91 ж. Возвышен ауд. атқару к-тінің торағасы. 1991-93 ж. аудандық әкімшіліктің басшысы, 1993-96 ж. Возвышен аудның әкімі, 1996-98 ж. Солт. Қазақстан обл. жер ресурстарын пайдалану к-тінің төрағасы болды. 1998 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде аға инспектор. Бірнеше мәрте халық депутаттары обл. Кеңесінің депутаты болып сайланған. Медалдермен марапатталған.

Возможно вам будет интересно

Приглашаем на прямой эфир «Возраст жизни не помеха»

Приглашаем на прямой эфир «Возраст жизни не помеха»

«Программирование для всех»

«Программирование для всех»

Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі

Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі